Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіліп жатыр.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 12-15 шілде аралығында Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылымен өтетін жергілікті жол жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.