• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Шілде, 2023

Балуандар Астанада белдеседі

270 рет
көрсетілді

15-16 шілде күндері елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде белбеу кү­ресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионатының жалауы жел­бірейді.

Елімізде ұйымдастырылып жатқан әлем­дік додада жер-жаһанның 30 мемле­ке­тінен келген 250-ге жуық спортшы белдеседі. Жа­һан­дық жарыста ерлер – 16, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша бас жүлдені са­рапқа салады. Ерлер еркін және клас­си­калық стильде белдессе, әйелдер тек еркін тәсіл бойынша күреседі.

Жарыс қорытындысы бойынша қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін Әлем кубогінде ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады. Белбеу күре­сінен әлем чемпионаты елімізде осымен төр­тінші рет өткізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Бұған дейін белбеу күресінен ересектер ара­сындағы әлем чемпионаты Астанада 2007, 2012, 2017 жылдары ұйымдастырылған.