Атақты қазақстандық футболшы әрі функционер, алматылық «Қайрат» пен КСРО құрамасының аты аңызға айналған қорғаушысы Сейілда Байшақов қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сейілда Байшақов кәсіпқой мансабын алматылық «Қайрат» клубында бастап, алғашқы ойынын 1971 жылы Ленинградтың «Зенитіне» қарсы өткізген.
Сейілда Икрамұлы ұзақ жылдар бойы қазақстандық футбол флагманының капитаны әрі көшбасшысы болды. Ол сондай-ақ Кеңес Одағы құрамасы сапында екі ойын өткізген.
«Қайрат» ұлттық құрамасы сапында 300-ге жуық ойын өткізген. Қазақстан футболының мақтанышы соңғы жылдары Республикалық футбол федерациясы мен еліміздің футзал қауымдастығының жауапты қызметтерінде болған.