Мемлекет басшысы спорт ардагері Сейілда Байшақовтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ футболының аңызына айналған даңқты спорт ардагері Сейілда Байшақовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.«Сейілда Икрамұлы «Қайрат» футбол командасының сапында көп жылдар бойы өнер көрсетіп, жасындай жарқыраған еді. Білікті бапкер ретінде жастарды жеңіске жетудің қыр-сырына үйретіп, елімізде осы спорт түрінің дамуына зор үлес қосты. Өмірде адал еңбек етіп, өшпес із қалдырған Сейілда Икрамұлының есімі мен бейнесі мәңгі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», деп жазылған жеделхатта.