• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2023

Бурабай ұлттық паркінде өрт болды

222 рет
көрсетілді

Бүгін Ақмола облысындағы Темнобор орманшылығының аумағында 0,001 га алқапта табиғи өрт болды. Жалынның пайда болуына найзағай жарқылы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орман өрттерінің бейнемониторинг камералары осы телімде сағат 11:00-де түтінденуді тіркеді. 15 минуттан кейін өрт сөндіру жұмыстары басталды. Жалфн оқшауланды. Өрт сөндірілді. Оған қоса жануды тоқтату және өрттің қайта басталуына жол бермеу шаралары жүргізілді. Өрт себебі – найзағай жарқылы», делінген хабарламада.

Өрт орнына 2 техника (1 тікұшақ, 1 өрт сөндіру машинасы) және 8 адам (4 орман күзеті және МҰТП орманшылығының қызметкері, 4 авиапатрульдік қызметкер) жұмылдырылды.

Айта кетсек, жыл басынан бері паркте 14 табиғи өрт болған, олардың 9-ы найзағай жарқылынан тұтанған.