• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 14 Шілде, 2023

Чемпиондық атағын қорғай алмады

129 рет
көрсетілді

Теннистен «Үлкен дулыға» сана­тын­дағы Уимблдон додасының был­тырғы жеңімпазы Елена Рыбакина биылғы жарыста өз атағын қорғай алмай, турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды.

Ұлыбританияның корттарында өтіп жатқан жарыстың ширек финалында әлемнің үшінші, еліміздің бірінші ракеткасы әйгілі тунистік теннисші Онс Жабермен шеберлік байқасты. Әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Жабер осы турнирдің былтырғы финалында отандасымызға жол беріп қойған еді. Араға бір жыл салып екі спортшының жолы ширек финалда түйісті.

Теннис мамандары мен жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырған бәсекеде Онс Жабердің мерейі үстем болды. Бірінші партияда екі теннисші де екі-екіден брейк жасағанымен, бар мәселе тай-брейкте шешілді. Қосымша геймде Елена Рыбакина мықтылық танытып, алғашқы сетті өз пайдасына аяқтады – 7:6 (7:5). Алайда екінші сеттің соңында Рыбакина допты ойынға қосқан геймде брейк жасап, таразы басын теңестіріп кетті. Ал үшінші, шешуші партияда Онс Жабер қарқынын арттырып, отандасымызға еш мүмкіндік қалдырмады – 6:1. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды.