• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 16 Шілде, 2023

«Ақжелең» жеңіске жетті

332 рет
көрсетілді

№2 Балалар музыка мектебі оқушылары – Қарағанды қала­сының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Жәнібек Қазбекұлы) дәстүрлі «Ыстықкөл достарын жинайды-2023» ХІІІ халықаралық этно-карнавалында жеңіске жетті.

7-12 шілде аралығында Біш­кек қаласындағы «Ба­ла­жан» рес­публика­лық эстетикалық тәр­бие бе­ру оқу-әдісте­ме­лік ор­та­лығының ұйым­дас­­ты­руымен өт­кен этно­карнавалға Қыр­ғызстан, Бе­ларусь, Қазақ­стан, Ре­сей және Өзбек­станның барлық облыста­рынан 400-ден астам бала қа­тысты. Іс-шараның мақ­саты – Қырғызстан мен ТМД ел­дерінің этномәдени ерек­­шеліктерін зерттеу, жаңғырту және сақтау, көркемдік, музыкалық, во­калдық, хореографиялық таланттарды дамыту. Мә­дени кеш аясында шығар­машылық байқаулар өт­кізіліп, қатысушылар түр­лі жанрда бақ сынады. «Фоль­клорлық ансамбль» аталымы бойынша Гран-приді №2 Балалар музыка мектебі – Қарағанды қала­сының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» домбырашылар ансамблі жеңіп алды. Жас өрендердің жарқын жеңісі алдағы уақытта еселене бермек.