Орал қаласында екі күн қатарынан күшті жел соғып тұр. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан 5 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Толассыз жаңбыр салдарынан көп қабатты тұрғын үйлер мен облыстық балалар ауруханасы, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатының жертөлелері суға толды. Жеке тұрғын үйлердің ауласына да су кірген.
Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, арнайы мамандар жұмысқа кірісті.