• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Шілде, 2023

Қазақстандық жүзуші әлем чемпионатында олжалы болды

627 рет
көрсетілді

Эдуард Ким әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

Мəдениет жəне спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Эдуард Ким көркем жүзу бәсекесінің техникалық бағдарламасында қола медаль иеленді. Отандасымыз 216.0000 ұпай жинап, топ жарған испаниялық Диас дель Рио Сол Фернандо (224.5550) мен күміс жүлдегер америкалық Годе Кеннетке есе жіберді.