Жуырда Қарасай ауданындағы «NOMAD» этноауылында жас ұрпақтың тарихымызды тереңнен тануына мүмкіндік беретін «Көшпелілер әлемі» атты танымдық фестивалі ұйымдастырылды.
Мәдени іс-шарада батыр да ержүрек ата-бабаларымыз киген сауыт-сайман мен қару-жарақ үлгілері көпшіліктің назарына ұсынылды. Фестивальде жауынгерлердің жекпе-жек сайысы, қаруды пайдаланудың әдіс-тәсілдері мен теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, көкпар сынды ұлттық ойындар көрсетілді.
«NOMAD» этноорталығы ашық аспан астындағы «тірі» музей саналады. Олай дейтініміз, өзге мұражайларда жәдігерлерге қол тигізуге тыйым салынған. Біздің экспонаттарды қолмен ұстап, киіп көруге де рұқсат етілген», дейді этноауылдың негізін қалаушы Жандос Нұрбеков.