• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Шілде, 2023

Жобаның орындалуы пысықталды

206 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен орталық және жергілікті атқару органдарының өзара іс-қимылын үйлестіру штабында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният алдағы екі жылда ауылдарда жаңа 655 алғашқы медициналық-санитарлық кө­мек көрсету нысандарын салу бойынша жүргізіліп жатқан жұ­мыстар туралы баяндады. Олар­дың қатарында физиотерапия кабинеті мен дәріхананы, фельдшерлік-акушерлік бекет­тер­ді (ақпараттандыру каби­неті қосылды) және дәрігер­лік амбулатория­ларды (ЕДШ залы қосылды) қамтитын заманауи медициналық бекеттер бар.

Физиотерапия кабинеттері электротерапия, магнитотерапия, ультра­дыбыстық терапия, фототерапия, ультракүлгін терапиясы, ингаляторлар және басқа да құрылғылармен жаб­дық­талатыны атап өтілді. ЕШД залында ұсақ моториканы қал­пына келтіру мен дамытуға ар­налған түрлі тренажерлар, эрготерапияға арналған стендтер, швед қабырғасы, кине­зотерапияға арналған жаб­дықтар қарастырылған. Сонымен қатар барлық жаңа МСАК нысандары телемедицинаны ұйымдастыру үшін компьютерлік және меди­циналық жабдықтармен қам­тамасыз етілген.

Ұлттық жоба шеңберінде инсульт және кардиологиялық орталықтар, оңалту, травматология және ортопедия, хирургия, реанимация, қарқынды терапия бөлімшелері ашылып, көп­бе­йінді орталық аудандық 32 ауру­хананы жаңғырту және күрделі жөн­деу, сондай-ақ заманауи меди­ци­налық жабдықтармен жа­рақ­тандыру жұмыс­та­ры жүр­гізіледі.

Сонымен қатар ауылдық ден­саулық сақтау мекемелері үшін 1100 медицина қызметкерін даярлау жоспарлануда, олардың арасында дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер мен акушерлер бар.

Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жаңа меди­ци­налық нысандардың үлгілік жобаларын жергілікті жағдайға бейімдеу жұмыстары туралы айтты.

Ұлттық жобаның өңірлерде жүзеге асырылу барысы туралы Атырау облы­сы­ның әкімі Серік Шәпкенов, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Маң­ғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Қарағанды об­лы­­сының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баяндады.

Үкімет басшысы жиынды қорытын­дылай келе, үлгілік жобаларды жер­гілікті жағдаймен байланыстыру, сон­дай-ақ құры­лыс алаңдарына инже­нер­лік коммуникациялар мен жол тарту жұмыстарын жеделдетуді талап етті.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау ми­нистрлігі Ұлттық жобаны үйлестіру мен бақылауды кү­шейтуі қажет екенін атап өтті.