Мемлекет басшысы «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» бірінші саммиті барысында азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы белсенді жұмыс жүргізіп жатқан Қатар басшылығына шынайы ризашылығын білдірді.
«Ұйымның қазіргі Төрағасы ретінде белсенді жұмыс жүргізіп жатқаны үшін Қатар басшылығына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ оның қызметін жандандыруға Сауд Арабиясының зор үлес қосқанын айрықша атап өткім келеді.
Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту өте маңызды. Осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту үшін Ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесу тетігін құруды ұсынамын», деп ойын түйіндеді.