Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» бірінші саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Көлік-транзит саласын дамыту аса маңызды. Қазіргі таңда мемлекеттеріміз көлік бағыттарын әртараптандыру үшін белсенді шаралар қабылдап жатыр. Түрлі инфрақұрылымдық және логистикалық жобалар қолға алынуда. Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға баса мән береді», деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша шаралар қабылдап жатқанын айтты.
«Біз бұл бағыт арқылы жүк тасымалын дәйекті түрде ұлғайтуға мүдделіміз. 2030 жылға қарай жыл сайын 500 мың контейнерге дейін жүк жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, еліміз «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша шаралар қабылдауда», деді Президент.