• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2023

Берел орман шаруашылығында тұтанған өрт сөндіріліп жатыр

169 рет
көрсетілді

Катонқарағай ауданында Берел орманшылығының аумағындағы жартасты, таулы, жетуі қиын жерлерде өрт шыққан. Өрт орнына жұмылдырылған өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

1700 метрден астам биіктегі 3 гектар аумақта жартастардағы ағаштарды өрт шарпыды. Орманшылар мен өрт сөндірушілер атпен және ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағының көмегімен өрт орнына жеткен.

«Қазавиаорманқорғау МИ-2 тікұшағы әуеден жағдайды үнемі қадағалап отыр. Қорғаныс министрлігінің МИ-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет 50 тоннаға жуық су төкті. 155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ жалынмен күресіп жатыр», делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.