• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2023

Ұлытау облысында 28 көпқабатты тұрғын үй салынады

236 рет
көрсетілді

Ұлытау облысында биыл 28 тұрғын үй салынады. Оның ішінде қызметтік, жалдамалы, несиеге берілетін үйлер бар. Одан бөлек 47 әлеуметтік нысан бой көтереді деп  жоспарланып отыр, деп хабарлайды  Egemen.kz. El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл Ұлытау облысында 1812 жәңа пәтердің кілті тапсырылуы тиіс. Облыстың қалалары мен аудандарында жалпы көлемі 120 мың шаршы метрді құрайтын 28 көпқабатты тұрғын үй құрылысының ішінде 14 көпқабатты тұрғын үй республикалық бюджет қаражаты есебінен бой көтереді.

Жезқазған қаласында 298 пәтерлі 6 тұрғын үй салынады. Ал Сәтбаев қаласында 3 тұрғын үйдің құрылысы басталып кеткен.

Сонымен бірге облыстың Жаңаарқа ауданында 5 тұрғын үйден келесі жылға дейін 228 пәтер кілті табысталады.

Аталған жоспарлардан бөлек жеке құрылыс салушылармен Жезқазған торабында 4 үй, Сәтбаев қаласында 2 тұрғын үй құрылысын бастау жоспарда бар.

«Облыс бойынша 5000-нан астам адам баспана кезегінде тұр, ол үшін біз қалалық және республикалық бюджеттен ақша сұратып жатырмыз. Республикалық бюджеттен 7 несиелік үй салуға өтінім өткізіп қойдық, қазір соны күтіп отырмыз. Одан бөлек жеке кәсіпкерлердің салып жатқан үйлері бар», деп мәлімдеді Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының м.а. Бақтияр Пардабеков.

Сондай-ақ биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бөлімшелеріне орналастырылған мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметінің резерві есебінен 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланған.