• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Шілде, 2023

Елімізде қазақ тілі туралы доктрина әзірленіп жатыр

323 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Масс-медиа» туралы жаңа заңның жобасында мемлекеттік тілге қандай басымдықтар беру ұсынылып отырғанын айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайында сөз сөйледі.

«Білесіздер, бұған дейін баспасөз тілі 50/50 қағидатымен жұмыс істеді. Біз оны өзгертіп, қазір 70/30 болсын деп жатырмыз. «Масс-медиа» туралы жаңа заң қабылданса, бүкіл ақпарат, жалпы еліміздің бүкіл масс-медиа тілінің 70 пайызы қазақша болады», деді.

Ведомство басшысы мұндай талап Тіл туралы доктрина жобасына да ұсынылғанын атап өтті.

«Сонымен қатар қазақ тілі туралы доктрина әзірленіп жатыр. Оған ақпарат саласында қазақ тіліне басымдық беру туралы ұсыныстар енгіздік», деді министр.