• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Музей 22 Шілде, 2023

Ұлттық музейге жарты жылда 310 мың адам барған

398 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық музейіне жыл басынан бері 310 мың адам барған. Ал былтыр бір жыл ішінде Ұлттық музейдегі жәдігерлерді 330 мың адам тамашалаған, деп хабарлайды Egemen.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігінің әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфирде сөз сөйлеген Ұлттық музей директоры м.а. Айбек Сыдықовтың айтуынша, келушілердің өсу динамикасының себебі биылғы сәуірде екі жаңа залдың ашылуымен байланысты.

Палеонтология залы мен Қолөнершілер орталығы барлық жастағы келушілердің қызығушылығын тудырған. Палеонтология залында тиранозавр, гиппарион жылқысы, үлкен мүйізді бұғы, алып индрикотерий мүйізтұмсығы, мамонт және басқа да біздің заманға дейінгі ежелгі дәуірдегі жануарлардың қаңқалары мен қалдықтары бар. Ал Қолөнершілер орталығында түрлі кәдесыйлар мен шеберлердің үздік сәндік-қолданбалы ұсынылады.  Жыл басынан бері Ұлттық музейде 22 ірі көрме өткен, оның ішінде халықаралық деңгейдегі 4 жоба бар. Сондай-ақ «Музей түні» халықаралық акциясы аясында Ұлттық музейге бір түнде 47 мыңнан астам адам келіп, рекорд орнатқан еді.  Музей қоры бірінші жартыжылдықта 4000-нан астам экспонатпен толықты.

«2014 жылдан бері Ұлттық музей тарихында келушілер саны бойынша екі ірі көрсеткіш тіркелді. 2017 жылы, ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында 280 мың адам келсе, былтыр бұл көрсеткіш 330 мың адамға жетті. Ал биылғы жылдың алғашқы алты айында ғана 310 мың келуші тіркеліп отыр. Бұл көрсеткіш халқымыздың мыңжылдық мәдени мұрасы мен тарихына қазақстандықтар мен шетелдіктердің қызығушылықтары артқанын білдіреді», деді ҚР Ұлттық музейі директоры м.а. Айбек Сыдықов.