Жетісу облысында ауыр жүк көлігі мен жолаушылар пойызы соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«24 шілде күні сағат 10.50-де Бескөл-Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қаламаңы пойызымен соқтығысқан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Болған оқиғаға орай, ҚТЖ жүргізушілерді жолда қырағылық танытуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.