• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 24 Шілде, 2023

Бірінші сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталады

283 рет
көрсетілді

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі.

Жалпы, құжаттарды қабылдау науқаны 1 сәуірде басталған еді. Осы уақыт ішінде, атап айтқанда 4 айда 350 453 өтініш келіп түсті, бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%-ы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған.

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.