Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

25 шілде сағат 15:55-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Байтұрсынов көшесінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсіп, 6 минуттан кейін өрт шыққан орынға кезекші қарауыл келген.
Онда 30 шаршы метр аумақта үй жиһаздары, заттар жанып жатқаны анықталған. Өрт сөндірушілер өртті сағат 16:28-де оқшаулап, сағат 16:44-те сөндірген.
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 1996 жылғы пәтер иесін құтқарды.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамнан 22 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.