• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2023

Жетісу облысында 50-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны анықталды

276 рет
көрсетілді

Жетісу облысының прокуратурасы облыстың кейбір аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құқық белгілейтін құжаттарсыз жұмыс істейтінін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мысалы, Алакөл ауданында 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Алайда оның ішінде тек Достық округындағы «Шыңдәлі» полигонында құқық белгілейтін құжат бар. 

Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды.

«Аталған барлық бұзушылық бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Қазір актілерді қарау нәтижесі бойынша үш ауыл әкіміне 300 АЕК-тен астам сомаға айыппұл тағайындалды және бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.