• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2023

Абай облысында форель шаруашылығы іске қосылды

320 рет
көрсетілді

Семей қаласының Озерки ауылдық округінде Форель шаруашылығы іске қосылды. Аталған шаруашылықта сумен қамтамасыз етудің тұйық циклді технологиясы қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Меншік иесі биылғы жылы модульді үлгідегі үй-жай салып, арнайы жабдықтар мен балық баптауға арналған контейнерлер сатып алған. Кәсіпкердің келешектегі жоспары -  бассейндерде форельді өсіріп, көбейту.

«Үкіметтің қаулысымен бекітілген балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет іске қосылған форель шаруашылығына Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілдері барып, заңнамаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне мемлекет тарапынан жасалатын қолдау шаралары туралы түсініктеме берді», делінген Абай облысы әкімдігінің ақпаратында.