Абай облысындағы Аягөз ауданының екі ауылы таратылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімі Ашық НҚА порталында жарияланған: «Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін; Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаұлы ауылдық округінің Тарлаұлы ауылының құрамына енгізілсін», делінген мәлімдемеде.Ауылдық аумақтарды дамытуды көздеген аталмыш құжат 10-ыншы тамызға дейін көпшіліктің талқылауында болады.