• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 31 Шілде, 2023

Магистратураға тест тапсырған 149 адамның нәтижесі жойылды

318 рет
көрсетілді

Магистратураға кешенді тестілеу басталғалы 23 мыңға жуық адам емтихан тапсырса, олардың 43 пайызы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 73 балл. Ең жоғары балл – 130. Бұл аралық мәліметтерді Ғылым және жоғары білім министрлігі жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық бірыңғай тестілеудегі секілді Кешенді тестілеуге кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Қабылданған шаралар арқасында тестілеуде бөгде тұлғалар анықталған жоқ», деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, тестілеу басталғалы 149 қатысушының нәтижесі жойылған. Оның ішінде 92 адам смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 57 адам шығарылған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл магистратураға арналған кешенді тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады.