• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Шілде, 2023

Түркияда апатқа ұшыраған Қазақстан азаматтарының бірі көз жұмды

291 рет
көрсетілді

Түркияның Анталия провинциясында болған оқыс оқиғадан кейін ауруханаға жатқызылып, ота жасалған қазақстандық туристердің бірі қайтыс болды. Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аланияда жол апатына ұшыраған жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан бүгін таңертең ауруханада қайтыс болды. Марқұм қазақстандықтың ұлы бүгін Анталияға келді, қазір біздің дипломаттармен бірге. Оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр», деді Айбек Смадияров.