Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, 2023 жылғы шілдедегі жылдық инфляция деңгейі 14 пайызға жетті, деп жазады Egemen.kz.

Мәселен, 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда:
кеңсе тауарлары - 64,4%-ға; күріш – 44,3%-ға; қантсыз қоюландырылған сүт – 42,4%-ға; күндізгі стационарлық емдеу – 40,8%-ға; ыдыс жууға арналған құралдар – 37,4%-ға; кір сабын – 35,9%-ға; қырыққабат – 27,5%-ға; тосап, джем - 25,9%-ға қымбаттады.Сондай-ақ жылдық мәнде:
қант – 17,4%-ға; қарақұмық жармасы – 10,5%-ға; күнбағыс майы – 4,7%-ға; қызылша – 6,1%-ға; сәбіз – 3,4%-ға; картоп - 1,3%-ға арзандады.Бұдан бөлек өткен айда:
дыбыс-бейне шолу (теледидиар, ноутбук, фотоаппарат және т.б.) жабдықтары – 9,6%-ға, тұрмыстық құралдар – 1,2%-ға; ыдыс – 1,1%-ға; спорт, туризм және демалуға арналған жабдықтар – 0,9%-ға; тоқыма бұйымдары, жеке қолданатын тауарлар - 0,8%-ға; баллондағы сұйытылған газ – 6,2%-ға, АИ-95/96 маркалы бензин - 4,5%-ға, АИ-98 бензин - 3,6%-ға қымбаттады.