• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Құтқарушы 02 Тамыз, 2023

Бұқтырмада суға бата жаздаған бала құтқарылды

191 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасында суға батып кете жаздаған 13 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алтай ауданы Октябрь кентіндегі №20 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Еламан Нукушев қызметтен бос уақытында Бұқтырма су қоймасына демалуға барған. Бір кезде сол маңайдан айқайлаған дауыстарды  естіген.

«Семей қаласынан демалуға келген 13 жасар жеткіншек басқа балалармен суда ойнап жүргенде кенеттен көтерілген толқынның астында қалып қойған. Туыстары жүзе алмайтындықтан көмек сұрап, қатты айқайлай бастады. Е. Нукушев еш ойланбастан суға секіріп, батып бара жатқан балаға жетіп, аман алып қалды»,  делінген ШҚО ТЖ департаментінің ақпаратында.

Азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істейтін Еламан Нукушевтің адамды ажалдан арашалауы алғаш рет емес. Ол 2022 жылы Октябрьский ауылында болған өрт кезінде егде жастағы әйел адамды  құтқарып қалған екен.