Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл төмендеп, 61,75 теңге (-0,35) болды.
Ұлттық банк еуро бағамын 488,39 теңге, рубльді 4,84 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар - 443,5 - 446,5 теңге, еуро - 488 - 492,5 теңге, ресей рублі - 4,67 - 4,91 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.
Сондай-ақ 2 тамызда әлемдік мұнай бағасы сәл көтерілді.
Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы 0,8%-ға өсіп, барреліне 85,59 доллар болды. Сейсенбі күні бұл көрсеткіш 0,6%-ға төмендеп, барреліне 84,91 доллар болған еді.
Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада қыркүйек айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,85%-ға өсіп, барреліне 82,06 доллар болды. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша олар 0,5%-ға төмендеп, барреліне 81,37 доллар болған.