• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Тамыз, 2023

Діни сауат – ділге сауап

183 рет
көрсетілді

Биыл интернеттен радикалды бағыттағы 11 мыңнан астам заңсыз материал өшірілген. Сондай-ақ 14 мыңнан аса әлеуметтік желі пайдаланушысы теріс ағымдағы топтардан шығарылыпты. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, ғаламторда діни экстремизмге қарсы насихат жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.

Министрліктің дін сала­сы­н­­дағы жұмысының бас­ты стра­тегиялық бағыты – мем­ле­кет дамуының зайыр­лы қа­ғи­даттарын нығайтуға, үй­ле­сімді мемлекеттік-кон­фес­сиялық қа­ты­настарды қам­та­масыз етуге және қоғамда радикалды идеологияның таралуына жол бермеуге не­гіз­делген. Бұл дін сала­сын­­дағы жұмыс атаулы ақпа­рат­тық-түсіндіру, интернет кеңістікте діни экстремизмге қарсы насихаттау мен оңалту және дерадикализациялау жұ­мыс­тары негізінде іске асырылып жатыр.

Министрлік халықтың дін­танулық сауаттылығын арттыруға, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ба­сым­дықтарын түсіндіруге, діни экстремизмнің алдын алу және радикалды діни идео­ло­гияларға қарсы имму­ни­тетті қалыптастыруға 3 028 адамнан құралған 228 өңірлік ақ­па­­раттық-түсіндіру тобын жұ­мыл­дырған. Нәтижесінде, биыл бірінші жартыжыл­дық­та 17 500 іс-шара ұйым­дастырған. Оған 700 мың­ға жуық азамат қатысқан.

Радикалды діни ағымдар идеологиясы негізінен интернет ресурстар арқылы таралатыны белгілі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дере­гін бағ­дарласақ, оңалту жұ­мысына деструктивті діни ағым идеологияларын наси­хаттауға қарсы тұра ала­тын және азаматтарды дәстүрлі ислам принциптеріне және Қа­зақ­стан қоғамы­ның құн­дылықтарына бейім­дей­­тін жоғары білікті тео­логтер мен психологтер, Қазақстан мұсылмандары діни бас­қар­ма­сының ресурс­тары тар­тылған. Жалпы, түсін­діру жұ­мыстарының нәти­желері бо­йынша діни экстремизм идео­логиясын ұста­на­тын адамдар санының азаюы бай­қалыпты. Демек елімізде радикалды және экстремистік көзқарастар мен идеяларды қабылдамау ахуа­лы қалып­тас­қан. Бұған қоса сала өкілдері шетелдік миссио­нерлер тарапынан 10 құқық бұзушылықты анықтаған.

Жалпы, 2023 жылдың ІІ тоқсанының қоры­тын­ды­сында ел аумағында 373 ше­телдік мис­сионер тір­кел­ген. Оның ішінде православ, католик, иудаизм, елуіншілер, адвентистер, Иегова куәгерлері тағы басқалары бар.