Гранттардың басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мамандарын дайындауға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
2023-2024 оқу жылында 88 204 студент мемлекеттік грант бойынша білім алады. Грант саны биылғы оқу жылына бөлінген мөлшерден 19 пайыз немесе 16 500 грантқа артық.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 73 061 грантты құраған болатын.