Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәлімдемесіне сәйкес 8-11 тамыз аралығында Керей-Жәнібек хандар көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралығында көлік қозғалысы жөндеу жұмысына байланысты толығымен жабылатын болады.
Сонымен бірге Тұран даңғылының Жұлдыз айналымынан Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында қозғалыста осы айдың 8-11 күндері ішінара жабылады.
Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.