• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әскер 08 Тамыз, 2023

Әскери-патриоттық тәрбие әлеуеті

439 рет
көрсетілді

Қорғаныс министр­лі­гін­де Әскери-патриот­тық тәрбие тұжырым­да­масының жобасы тал­қы­ланды. Жиын Қор­­ғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтің бас­шылығымен бейне­кон­фе­ренц­байланыс ре­­жи­мін­де өтті.

Іс-шараға мемлекеттік ор­ган­дардың, республикалық маңызы бар қалалар мен об­лыс­тар әкімдіктерінің, сонымен қатар қоғамдық ұйым­дар­дың өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев мамыр айында өткен Бүкіл­армиялық кеңесте Қор­ғаныс министрлігінің алдына міндеттер қойып, жас­тарды тәрбиелеу ісінде аға буын тәлімін пайдалану қа­жет­тігіне зер салып, 2030 жылға дейінгі әскери-пат­риоттық тәрбие тұжы­рым­да­ма­сын әзірлеуді тап­сырған болатын.

– Адамгершілік қасиеттер және рухани құндылықтар – біз­дің жас ұрпаққа қажет дүние. Осыған байланысты жастармен жұмыс істеудің қолданыстағы құралдарын өзгерте отырып, пат­риоттық тәрбие беру тәсіл­дерін айтар­лықтай түзету қажет, – деген министрдің орынбасары Сұлтан Камалетдинов ке­­ңеске қатысушыларды Қа­ру­лы күштердің оң имид­жін қалыптастыруға және жас­­­тардың әскери борышын орын­­дауға уәждемесін артты­ру­ға бағытталған Қорғаныс минис­тр­лігінің ақпараттық-түсіндіру тобының жұ­мы­сы­нан хабардар етті. Қор­ғаныс ми­нистрлігінің мә­лі­метінше, бірінші жарты­жыл­дықта мұндай жұ­мыс­пен Қарағанды, Ақмола, Сол­түстік Қазақстан, Қос­та­най, Павлодар, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шым­кент қала­сын­да 12 мың­нан астам адам қамтылған.

Министр орынбасары Қос­танай, Қызылорда және Ақмола облыстарының бас­шы­­лы­ғына АТТ жұ­мы­сы барысында іс-шара­лар­ды жоғары деңгейде ұйым­дас­тырғаны үшін ал­ғысын білдірді. Со­нымен қатар Қа­зақ ұлт­тық аграрлық зерттеу уни­верситеті мен Әбілқас Сағы­нов атындағы Қарағанды тех­­никалық уни­вер­си­тетінің осы ба­ғыттағы оң тәжірибесін атап өтті.

Кеңесте орта оқу орында­рын­дағы алғашқы әскери-тех­никалық даярлықтың сапасына, олардың материалдық-тех­ни­калық базасының жай-кү­йіне, алғашқы әскери даяр­лықпен айналысатын ка­др­­лардың құзыреттілігіне ерек­ше назар аударылды. Жұмысты жүйелеу және әске­ри-патриоттық тәрбие субъек­тілерін құру ұсынылды. Өңір­лердің осы бағыттағы тиім­ді қызметінің бағалау крите­рий­лерінің бірі – жергілікті атқарушы органдардың, ардагерлер ұйымдарының, әскери-тех­никалық мектептердің, кол­ледждердің, жоғары оқу орын­­дары әскери кафедра­ла­ры­ның, әскери бөлімдердің және қо­ғам­­дық ұйымдардың жұмысы болуға тиіс.

Әскери-патриоттық жұ­мыс­ты ұйымдастыру туралы Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау облыстары әкімде­рі­­нің орынбасарлары – Мейрамбек Шермағамбетов, Қанат Құлжанов, Ғалымжан Құсман­ғали баяндама жасады. «Жастар ассамблеясы» РҚБ төра­ғасы Тимур Жұмырбаев өз жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді. Кеңеске қатысушылар 2030 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасының жоба­сын тал­қылады. Оның қо­рытындысы бойынша ве­дом­­ст­во­аралық комиссия құ­ру­ ұсынылды.

Бұл комиссия жастарды пат­риоттық тәрбиелеу мәсе­­лелері бойынша норма­тивтік-құқықтық базаны же­тіл­­діруді жалғастырады. Ал­ғаш­­қы әс­ке­ри дайындық қағи­да­ла­рына өзгерістер мен то­лық­­тырулар енгізе отырып, АӘТД оқыту­шыларына қойы­ла­тын білік­тілік талаптары нақ­ты­­лан­бақ. Қазақ халқының ба­тыр­лық тарихын, Екінші дү­ние­жүзілік соғыс пен ұрыс іс-қи­мылдарына қатысу­шы­лар­ды, әскери кәсіпте, спортта, мә­де­ниетте және басқа да қыз­метте жетістікке жеткен замандастарын дәріптеу жө­нін­дегі жұмысқа жіті назар аударылады.

Жергілікті атқарушы ор­ган­­дар­ға ардагерлер ұйым­да­рын, әскери кафедраларды, әскери-техникалық мектептер мен ерік­тілерді жұмысқа тарту және олардың әлеуетін пай­­далануға ұсыныстар бе­рілді.