• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Еңбек 08 Тамыз, 2023

Қазақстанның 194 мыңнан астам азаматы шетелде жұмыс істеп жүр

238 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында шетелде еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, биылғы бірінші тоқсандағы есеп бойынша Қазақстанның 194 мыңнан астам азаматы шетелде жұмыс істеп жүр. Біз Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания және басқа да елдермен ондағы Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғайтын жаңа келісімдерге бастамашылық ету үшін қосымша шаралар қабылдадық», деді  ЕХӘҚМ басшысы.

Қазіргі таңда азаматтардың Оңтүстік Кореяда жұмысқа заңды түрде орналасуы үшін Қазақстанды «Еңбекке рұқсат беру жүйесіне» (Employment permit System – EPS) қосу мәселесі пысықталуда.

«Migration.enbek.kz сайтына тіркеле отырып, cол жүйе арқылы жұмысқа орналасуға болады. Сонымен бірге құжаттарды рәсімдеу, міндетті медициналық тексеруден өту және тағы басқа міндеттемелер бойынша көмектесу үшін тиісті жұмыстарды еңбек ұтқырлығы орталықтары жүргізеді», деді министр.