• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Банк 09 Тамыз, 2023

KMF клиенттері арасында миллион ойнатады

99 рет
көрсетілді

KMF шағын және орта бизнесті қолдап, дамыту мақсатында KMF-Qoldau атты жаңа науқанды бастады. Оның шеңберінде ақшалай жүлделер ойнатылады. Науқанға қатысу үшін бизнесті дамыту мақсатында 1 млн теңгеден жоғары сомаға микрокредит ресімдеу қажет. Науқан 7 қазанға дейін жалғасады.

Жеңімпаздар кездейсоқ түскен сан­дар генераторының көме­гі­мен Instagram-дағы @kmf_kz парақшасында тікелей эфирде анықталады. Науқанда жеңіске жеткен клиенттерге миллион тең­ге­нің сертификаты табыс етіледі, олар оны KMF-тің кез келген бөлім­ше­сін­де қолма-қол ақшаға ауыстыра алады, бұл жүлде кәсіп үшін таптырмас көмек болмақ.

«Біздің компания көп жылдан бері бизнеспен жұмыс істейді. Біз клиенттерімізді үнемі тиімді бонус­­пен, қызықты науқан және қо­мақты сыйлықтармен қуантып келе­міз. KMF-Qoldau ауылдық жер­дегі кәсіпкерлер үшін тамаша қолдау болмақ. Себебі біз бұл нау­қанды бизнестің нағыз қызған ша­ғын­да, яғни күзгі егіс маусымы қар­са­ңында бастадық. Бұл кезеңде клиент­те­рі­міз­дің қаржыландыруға қатысты сұранысының өсетінін байқадық, сол үшін де тамаша бонус – ақшалай жүлденің ұтыс ойынына қатысуды ұсынып отырмыз», дейді KMF бас­қарма төрағасының орынбасары Күлсара Сапарбекова.

Микрокредитті бөлімшелерде, сондай-ақ KMF мобильді қосым­ша­сы арқылы алуға болады. KMF-Qoldau науқанының ұтыс ойыны қазан айында өтеді. Науқан туралы толығырақ KMF сайтында немесе 7474 нөміріне хабарласып білуге болады. Компанияның байланыс ор­та­лығы тәулік бойы жұмыс іс­тейді.

KMF – микроқаржыландыру саласындағы ең ірі компания. Бизнес саласымен 25 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келеді, ауылдық кәсіпкерлікті және әйелдер басқаратын кәсіпорындарды дамытып, қолдайды. Еліміз бойынша кеңінен тараған бөлімшелері тіпті ең шалғай орналасқан елді мекендерді де қолжетімді межеде қаржыландыруға мүмкіндік беріп отыр. KMF-тің 15 филиалы мен 120 сату нүктесі бар.

Микроқаржы қызметін жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы бар.