• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2023

Алматыда қоғамдық көлік ақысы қымбаттады

195 рет
көрсетілді

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәслихаттың VII сессиясы барысында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әкім орынбасарының айтуынша, мегаполисте жол жүру құны 11 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген.

«Қазіргі тариф тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді, өйткені жол жүрудің нақты құны бекітілгеннен 3 есе қымбат. Осыған байланысты әкімдік ай сайын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялар түрінде жауып отырады. 2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы 115,8 млрд теңгені құрады», деп түсіндірді Асқар Әмрин.

Ресми ақпаратқа зер салсақ, өткен онжылдықта көлікте жол жүру бағасы республика бойынша басқа қалаларда бірнеше рет өзгерді. Мәселен, қазір бір айлық абонементтің құны Өскеменде - 9 000 теңгеден жоғары, Қарағандыда – 6 000 теңгеден төмен, Алматыда – 7 500 теңге.

«Қолма-қол ақшасыз төлеммен 100 теңге және қолма-қол төлеммен 200 теңге мөлшерінде жаңа тарифтерді қолдану биылғы жылы субсидиялар сомасын шамамен 10 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді. Оларды басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларға қайта бөлуге болады», деп түсіндеді Асқар Әмрин.