• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Президент 09 Тамыз, 2023

Мемлекет басшысы «ZENITH» зауытының жұмысымен танысты

193 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында «ZENITH» зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын құрылыс материалдарын шығарумен және түрлі мақсатта қолданылатын нысандар салумен айналысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын цехтарын аралап, зауыт өнімдерімен танысты. Кәсіпорында бетон, іргетас блоктары, кірпіш секілді құрылыс материалдары өндіріледі. Таяуда зауытта төмен қысымды полиэтиленнен диаметрі үлкен құбырлар шығаратын өндірістік желі іске қосылды. Өнім шаруашылық-ауызсу және техникалық сумен жабдықтау құбырларын салуда кеңінен қолданылады.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, бүгінде өндіріс инфрақұрылымына 20 миллиард теңге шамасында инвестиция құйылған. Сонымен қатар зауыт мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша әлеуметтік тұрғын үйлер салуға қатысады. Кәсіпорын жаңа өндірістерді іске қосып, көппәтерлі түрғын үйлерді пайдалануға беруді, соның ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында жылына 100 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

Зауыт ұжымымен әңгімелесу барысында Президент отандық құрылыс индустриясын дамыту -  маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

«Cіздер экономикамыздың лайықты секторына айналдыңыздар. Осы сала мемлекет тарапынан қолдауға ие болуына мүдделімін. Әлбетте, біз адал серіктес ретінде қолдау білдіреміз. Тағы да қайталап айтамын. Шағын және орта бизнестегі ахуал бүкіл экономикамыздың дамуына елеулі түрде ықпал етеді. Сондықтан сіздер менің ұдайымда назарымда боласыздар», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар