• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Абай 09 Тамыз, 2023

Абай күніне арнайы әзірленген ұжым

250 рет
көрсетілді

Ертең елімізде Абай күні атап өтіледі. Қазақтың бас ақыны, хакім Абайдың дүниеге келген күні қарсаңында түрлі іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таяуда Өскемен қаласы ҚР ҚАЖК ІІМ №24 мекемесінің қызметкерлері О.Бөкей атындағы кітапхана қызметкері Р.Бабировпен кітапхана іргесінде танымдық кездесу өткізді. Ақын шығармашылығына арналған кездесу жоғары деңгейде өтті.

Тағылымы мол шарадан соң аталған ұжым қала орталығында орналасқан Абай ескерткішіне арнайы барып, тәу етті. Ұлы ақынды ардақтап, шығармашылығына ден қойған мекеме қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында өздерін толғандырған мәселенің түйінін іздегенде Абайға жүгінетінін де айта кеткен жөн.

 

Арай КӨШЕРБАЕВА,

Өскемен қаласы ҚР ҚАЖК ІІМ №24 мекемесінің қызметкері.