• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Құтқарушы 13 Тамыз, 2023

Ақтөбедегі өрт кезінде 44 адам эвакуацияланды

206 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға туралы бүгін сағат 13:22-де белгілі болды. Өрт орнына жеткен өрт сөндірушілер 44 адамды  эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстың ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, бірінші қабаттағы пәтерде жиһаз өртенген. Өрт сөндірушілердің жедел қимылдарының  арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылған. Сонымен қатар баспалдақ маршы арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің 26 өрт сөндіруші және 6 бірлік техникасы жұмылдырылған. Сонымен қоса өрт болған аумаққа Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы барған.

20 шаршы метрді құраған өрт алаңы 13.47-де сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.