Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Арман Нұрланұлы – Петропавл жоғары әскери училищесінің түлегі.
2010 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын және 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдады.
Батальонның әскери-шаруашылық жабдықтарының бастығы, полк қызметінің бастығы, құраманың бастығы, полк және бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.