Тиісті құжат Мемлекет басшысының Абай облысындағы табиғи өртті жою бойынша 2023 жылғы 11 маусымдағы Жедел штаб отырысында берген тапсырмасы аясында әзірленген, деп жазады Egemen.kz.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Ол Орман кодексінің 70-бабының 1-тармағына және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысындағы табиғи өртті жою бойынша 2023 жылғы 11 маусымдағы Жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.
«Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман күзету міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі. Құжатқа сәйкес қызметкердің, курсанттың, мемлекеттік орман күзету қызметшісінің отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады», делінген жобалық құжатта.