• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Көрме 15 Тамыз, 2023

Ойшылды дәріптеген жаңа жоба

183 рет
көрсетілді

Абай күніне орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Түспен түрленген сөз» атты арт-зертхана ашылды. Енді, жаңа жоба аясында кез келген суретші өз еңбектерін көрмеге қоя алады. Басты талабы – туындының ақын шығармашылығымен байланысты болуы шарт.

 

Осыған дейін мұражай­дағылар Абай күніне бір күндік шаралар ұйым­дастырып келген. Биыл жаңа және тың бастаманы қолға алды. «Түспен түрленген сөз» атты арт-зертхананың ұйым­дастырушылары 22 тамызға дейін өңірдегі талап білдірген талан­ты бар суретшілердің картиналарын қа­былдайды. Қабыл­дау уақыты аяқ­тал­ғаннан кейін қоры­тынды көрме өтеді.

– Кәсіби суретші болудың қажеті жоқ. Әуес­қой суретшілер де қатыса алады. Бұл байқау емес. Біздің мұн­дағы мақсатымыз – Абай мұрасын насихаттау. Біз өзіміздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға нә­ти­жесін жариялаймыз, – дейді мұ­ражай басшы­сының орынбасары Мей­рамгүл Елубаева.

Абай күнінде бастау ал­ған жоба­ның алғашқы көр­месіне темір­таулық су­ретші Андрей Осипен­ко­ның «Абай – ақын», «Абай – Данышпан» және «Абай – тұлға» триптихтері қойылды. Картиналар  Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы, филосо­фиясы туралы баян­дай- ды. 

Сондай-ақ қарағанды­лық қыл­­қалам шеберлері Төлеуғали Кеңес­баев пен Исатай Исабаевтың гра­фи­­калық жұмыстары, Әбді­мәлік Бұ­харбаевтың «Абай» репродукциясы көрермен назарына ұсынылды.

 

Қасымхан ҒАЛЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

Қарағанды облысы