• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Тамыз, 2023

Қуаныш Ерғалиев Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

265 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Tulane University және Harvard University (АҚШ) бітірген.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры. 

2021 жылғы маусымнан бастап ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып жұмыс істеді.