• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Форум 18 Тамыз, 2023

Шымкентте өңірлік Азаматтық форум өтті

269 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласында өтіп жатқан «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» атты III Азаматтық форумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы азаматтық қоғам құру негізгі басымдықтың бірі екенін үнемі айтып келеді. Президент жолдауында, сайлауалды бағдарламаларында бұл мәселенің маңызына мән бергені белгілі», деп жазды Дархан Қыдырәлі өз парақшасында.

Министр бұл форумда жастар жайы да айтылғанын жазды.

«Мемлекет тарапынан жастарды қолдауға айрықша назар аударылып келеді. Биылғы Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Мемлекет басшысы: «Жас ұрпақ тарих тағылымын және елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бір арнаға тоғыстырып жатыр. Осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейте түсу – мемлекеттің міндеті», деп атап өткен болатын. Бүгінгі алқалы жиынның жастар мәселесіне арналуының да өзіндік мәні зор», дейді Д.Қыдырәлі.

Азаматтық қоғам институттарының маңызды топтарының бірі – қоғамдық кеңестер. Қазіргі таңда елімізде 258 қоғамдық кеңес жұмыс істейді, олардың құрамына 4 мыңға жуық жанашыр азамат, түрлі сарапшы мамандар тартылған.

«Бұл форумның азаматтық қоғамның дамуына үлесі мол болады деп ойлаймын. Жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Қазақстанның Азаматтық альянсының төрағасы Бану Нұрғазиева және басқа сарапшылар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды», деп жазды Д.Қыдырәлі өзінің Facebook-тегі парақшасында.