Таразда 2 миллион теңге пара алған судья ұсталды. Оның бұл ақшаны жазаны жеңілдету үшін алғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Антикоррупциялық қызмет Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараздың №2 соты судьясының 2 млн теңге сомасында пара алғанын әшкереледі.
Судья сотталушыдан іс жүргізу кезінде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыру емес, басқа жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді. «Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген Антикор мәлімдемесінде.