21 жастағы Исхар Құрбаев 55 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Амманда (Иордания) өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы (U-20) әлем чемпионатында Исхар Құрбаев (55 келі) топ жарды.
Ол финалда әзербайжандық Фарид Садихлиді 5:1 есебімен жеңді.
- Бұл жеңісті мен ғана емес, бүкіл қазақ елі күтті. Өте қуаныштымын. Араға 7 жыл салып, міне, осы алтын медальді алып келдім. Қазақ елін қуантқаныма Аллаға мың да бір шүкір! Әлемдік аренада Әнұранды шырқатқаныма қуаныштымын! - деді Исхар Құрбаев.