Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алған.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-анаға 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленген.