• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 21 Тамыз, 2023

Президент Вьетнамда Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды

107 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.