• RUB:
    5.45
  • USD:
    465.52
  • EUR:
    498.2
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Тамыз, 2023

Қуат Хамитовтың келесі қарсыласы белгілі болды

246 рет
көрсетілді

Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитовтың танымал ресейлік файтер Александр Шлеменкомен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

«Ресми! Александр Шлеменко vs Қуат Хамитов. 20 тамызда Ресей ММА аңызы Александр Шлеменкомен айқас өткізу туралы Top Fight лигасының басшысы Марат Сидикеевпен келісімшарт жасалды. Турнир қашан, қайда өтетінін кейінірек білесіздер», деп жазды Қ.Хамитов өзінің Instagram парақшасында.

Қуат Хамитов өзінің бұған дейінгі жекпе-жегін мамырда өткізді. Ол Алматыдағы Hardcore MMA лигасының турнирінде өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен ресейлік Залимхан Юсуповтан  басым түсті. Александр Шлеменко бұған дейін торға шілдеде кіріп, бірінші раундта бразилиялық Алекс Оливейраны (25-15-1) сабмишнмен жеңді.