• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Президент 21 Тамыз, 2023

Мемлекет басшысы Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

173 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында энергетика және мұнай-газ химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы мұнай мен газ өңдеу және геологиялық барлау салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсыну мүмкіндіктері бар екеніне назар аударды.

Өз кезегінде Хоанг Куок Выонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы баяндады.

Petrovietnam – Оңтүстік Шығыс Азияның мұнай-газ өнеркәсібіндегі басты ойыншылардың бірі. Активтерінің жалпы құны 40 милллиард долларға бағаланады.