Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам басшысымен келіссөздер жүргізіп, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Ресми сапар шеңберінде Мемлекет басшысы Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен, Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен жәнеВьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен Нгуен Фу Чонгпен де кездесті.
Айта кетсек, сапар аясында Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 маңызды құжатқа қол қойылды.
Жұмыс сапарының ең маңызды жаңалығы - енді Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады.